Қазақстандағы паралимпиадалық спорттың жағдайы мен болашағы
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_2_162Түйін сөздер:
паралимпиадалық спорт, даму, балалар мен жасөспірімдер спорты, инклюзия, жаттықтырушы кадрлар.Аннотация
Бұл зерттеу Қазақстандағы паралимпиадалық спорттың дамуын талдауға, паралимпиадалық қозғалыстың тарихын қарауға, сондай-ақ қазіргі жағдайы мен болашағын бағалауға арналған. Паралимпиада ойындарына қатысушы елдердің, спорт түрлері мен қатысушылардың саны туралы деректер талданды, сондай-ақ Қазақстандағы инфрақұрылым мен қолдау бағдарламаларына шолу жасалды. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы паралимпиадалық спорттың әлеуеті зор екенін және еліміздің спорт индустриясы мен әлеуметтік саясатының маңызды элементі бола алатынын көрсетті. Алайда, осы мақсатқа жету үшін жеткілікті қаржы бөлу, инфрақұрылымды дамыту және балалар мен жасөспірімдер паралимпиадалық спортын қолдау мен дамыту бағдарламаларын жүргізу қажет. Қорытындыда, мүмкіндігі шектеулі спортшыларды қолдауды, инфрақұрылымды жақсартуды және спортшыларды даярлау бағдарламаларын дамытуды қоса алғанда, Қазақстанда паралимпиадалық спортты дамыту бойынша ұсынымдар ұсынылды.