Редакциялық саясат

ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ

РЕДАКЦИЯЛЫҚ САЯСАТ

Редакционная политика
научно-теоретического журнала
«Туризм, досуг и гостеприимство»

Редакциялық саясат
«Туризм, демалыс және қонақжайлылық»
ғылыми-теориялық журналының
редакциялық саясаты

1 Жалпы ережелер
1.1 Баспа басылымы «Туризм, демалыс және қонақжайлылық» ғылыми-теориялық журналы мерзімді ғылыми басылым болып табылады және 2023 жылдан бастап шығарылады. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінде тіркелген – Сертификат № KZ26VPY00061350 15 желтоқсан 2022 жыл.
1.2 Журналдың негізгі мақсаты – ғылыми қоғамдастық пен тәжірибешілерге өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялауға мүмкіндік беру, туризм, демалыс және қонақжайлылық саласындағы іргелі және қолданбалы ізденістердің қажет етілген мәселелері бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялайтын перспективалы және өзекті бағыттарға назар аудару, Қазақстан мен шет елдердің ғылыми қоғамдастығы арасында пікір алмасуды күшейту.
1.3 Журналдың міндеттері: ғылыми-инновациялық қызметке белсенді қатысатын ғалымдардың, жас зерттеушілердің – докторанттардың, магистранттардың, оқытушылардың ғылыми-зерттеу, ғылыми, тәжірибелік және эксперименттік қызметінің нәтижелерін бейнелеу; туризм және қонақжайлылық саласындағы отандық және әлемдік индустриялық ғылымның негізгі жетістіктерін насихаттау; озық ғылыми жетістіктерді дамыту және пайдалану мақсатында ғылыми әлеуетті анықтау.
1.4 Журнал жарияланатын ғылыми мақалалардың (соның ішінде шолулардың) мәлімделген мақсатқа және журналдың тақырыптық бағытына сәйкес қағидаларын ұстанады. Журналдың әрбір нөмірінде шетел авторларының мақалаларының, сондай-ақ шет тілдеріндегі (оның ішінде ағылшын тіліндегі) мақалалардың болуы міндетті.
1.5 Журналдың баспа пішімі және интернет-ресурсындағы (сайттағы) ашық қолжетімділік қағидаты оқырмандар мен авторлық аудиторияны кеңінен қамтуға мүмкіндік береді.
1.6 Мақала мәліметтері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.
1.7 Журналда мақалалар келесі бағыттар бойынша жарияланады:
1. Экономика, жоспарлау, туризм мен қонақжайлылықты ұйымдастыру
2. Әлемде және Қазақстанда туристік бизнесті дамытудың өңірлік мәселелері
3. Туризм және қонақжайлылық саласында кәсіптік білім
4. Әлемдегі және Қазақстандағы экскурсиялық және өлкетану қызметі
5. Әлемде және Қазақстанда туризмнің белсенді түрлері
6. Мәдени мұра және туризм: тұрақты өзара әрекеттесу мүмкіндіктері
1.8 Журналға мақалалардың келесі түрлері қабылданады:
Теориялық мақалалар - теориялық мақала әдебиеттерді және мәселе бойынша қолданыстағы теориялар мен тұжырымдамаларды шолу негізінде жазылады.
Шолу мақалалары - шолу мақаласында белгілі бір мәселе бойынша бар әдебиеттерге талдау жасалады және шетелдік әдебиет көздерінің тізімі 30% - дан кем болмауы керек.
Зерттеу мақалалары - мәселені тұжырымдайды, осы зерттеудің қажеттілігін негіздейтін эмпирикалық зерттеу, зерттеу ғылыми логикаға және шынайылыққа ие. Мақалада зерттеу әдістері мен оның нәтижелерінің сипаттамасы болуы керек.
Әдістемелік мақалалар - мақалада әр түрлі әдістерді қолдану туралы әдебиеттерді талдау, жаңа әдістемені әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі және міндетті түрде әдістемені сынау нәтижелері болуы керек.
1.9 Жариялауға автордың немесе бірлескен автор ұжымдарының тек екі мақаласы қабылданады.
1.10 «Туризм, демалыс және қонақжайлылық» журналына жариялауға келіп түскен мақалалар, келіп түскен уақытта басқа журналдарда қарастырылмауы тиіс.
1.11 Журналдың шығу мерзімділігі. Журнал жылына 4 рет (тоқсан сайын) шығарылады. Мақалалар түскен шығарылымның дайын болуына қарай жарияланады. Егер мақаламен жұмыс белгілі бір себептермен ұзақ уақыт созылса, редакцияның шешімі бойынша мақала келесі шығарылымға ауыстырылуы мүмкін.
1.12 Ғылыми метрикалық және библиографиялық DOI базаларда индекстеу.
2 Журнал редакциясының міндеттері
2.1 «Туризм, демалыс және қонақжайлылық» ғылыми журналының бас редакторы редакциялық кеңестің пікірін ескере отырып, жариялау туралы шешімнің қабылдануына жеке және дербес жауапты болады. Жариялау туралы шешім жұмыстың сенімділігі мен оның ғылыми маңыздылығына негізделеді. Бас редактор өз жұмысында авторлық құқық, заңдылық және плагиатқа қатысты өзекті құқықтық талаптарды ескере отырып, журналдың редакциялық саясатын басшылыққа алады.
2.2 Бас редактор жариялау туралы шешім қабылдау кезінде редакциялық кеңестің басқа редакциялық мүшелерімен және пікір берушілермен кеңесуге құқылы.
2.3 Бас редактор авторлардың нәсіліне, жынысына, жыныстық бағдарына, діни көзқарастарына, шығу тегіне, азаматтығына немесе саяси ұстанымына қарамастан қолжазбалардың зияткерлік мазмұнын бағалауы тиіс.
2.4 Журналдың бас редакторы, шығарушы редакторы және редакциялық кеңесі қабылданған қолжазба туралы ақпаратты қажет болмаған жағдайда, авторларды, пікір берушілерді қоспағанда, үшінші тұлғаларға жарияламауға міндеттенеді.
2.5 Қарауға ұсынылған қолжазбалардан алынған жарияланбаған деректерді автордың жазбаша келісімінсіз жеке зерттеулерде пайдалануға болмайды. Пікір беру барысында алынған және ықтимал басымдылықтарға байланысты ақпарат немесе идеялар құпия сақталуы керек және жеке мақсатта пайдаланылмауы тиіс.
3 Авторлардың міндеттері
3.1 Авторлар тек мұқият тексерілген түпнұсқадағы зерттеудің нәтижелерін және олардың объективті талқылауын ұсынуы керек.
3.2 Пікір жазу үшін авторлардан қолжазбаға қатысты өңделмеген деректер сұралуы мүмкін. Авторлар осындай ақпаратқа ашық қолжетіміділікті ұсынуға дайын болуы керек.
3.3 Авторлар редакцияға түпнұсқадағы жұмыстарды ұсынуы тиіс және басқа авторлардың мәлімдемелерін және/немесе жұмыстарын пайдаланған жағдайда дәйексөздерді тиісті түрде (қолданыстағы жалпы ережелер бойынша) ресімдеуі және нақты библиографиялық сілтемелерді көрсетуі керек.
3.4 втор бір зерттеуді (немесе оның бір бөлігін) сипаттайтын қолжазбаны бірден көп журналға түпнұсқа жарияланым ретінде ұсына алмайды. Бір уақытта бірнеше журналға бірдей қолжазбаларды ұсыну этиканы бұзу болып табылады.
3.5 Мақаланың бірлескен авторлары ретінде зерттеу жүмысын әзірлеуге, жүзеге асыруға немесе нәтижелерді түсіндіруге айтарлықтай үлес қосқан тұлғалар ғана бола алады.
3.6 Зерттеу жұмысына елеулі үлес қосқан барлық қатысушылар бірлескен авторлар ұжымының құрамымен келісуі тиіс және барлық бірлескен авторлар жарияланымның соңғы нұсқасымен танысуы және мақұлдауы қажет.
4 Авторлық құқық
4.1 Авторлық құқық. Журналда жарияланған ғылыми мақалалардың авторлық құқығы авторларға тиесілі. «Туризм, демалыс және қонақжайлылық» ғылыми-теориялық журналында жариялау үшін мақала жіберу автордың (авторлық ұжым) ғылыми мақаланы Crossref тіркеу агенттігінің жүйесінде тіркеуге келісім беретінін білдіреді.
5 Жариялау этикасы
5.1 Журналдың редакциялық кеңесі өз қызметінде кәсібилік, шынайылық, ғылыми, бейтараптық қағидаларын басшылыққа алады. Авторлар, журналдың редакциялық кеңесінің мүшелері, бас редакторы, бас редакторының орынбасары және шығарушы редактор ғылыми жарияланымды дайындауға және ғылыми зерттеу нәтижелерін таратуға байланысты тиісті этикалық міндеттерді атқарады. Редакцияның авторлармен өзара байланысы ашықтық, адалдық, сыпайылық, әділдік және шынайылық қағидаттарына негізделеді.
5.2 Журнал баспасы өз қызметінде Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасына, жариялау этикасы жөніндегі Халықаралық комитеттің (COPE) мәліметтеріне, ғылыми редакторлар мен баспагерлер қауымдастығының «Ғылыми жарияланымдардың этикалық қағидалары» декларациясына сүйенеді.
5.3 Жарияланатын зерттеу нәтижелері этикалық нормаларға және заңнама мен авторлық құқықтарға сәйкес алынуы тиіс.
5.4 Авторлар деректерді талдау мен өңдеудің сенімді және тексерілген әдістерін, сондай-ақ нәтижелерді көрсету әдістерін және жабдықтар мен материалдардың шығу тегі, деректерді статистикалық өңдеу әдістері және жаңғыртуды қамтамасыз етудің басқа тәсілдерін пайдалануы тиіс.
5.5 Авторлар өз жарияланымдарының мазмұнына ұжыммен жауап береді және барлық әдістер мен нәтижелер дұрыс сипатталуы үшін жұмыстың әр кезеңінде мәліметтерін мұқият тексеруі керек. Авторлар есептеулерді, формулаларды, кестелік және графикалық мәліметтерді тексеруі керек.
5.6 Авторлар өз нәтижелерін бұрмаламай, әділ түрде жариялауы керек. Зерттеу нәтижесінде алынған суреттер өзгертілмеуі керек.
5.7 Қолжазбаға пікір беру құпия өтуі тиіс. Пікір берушілерге жіберілген қолжазбалар авторлардың зияткерлік меншігі болып табылатыны және жариялауға болмайтын мәлімет болып табылатыны хабарланады. Қолжазбаны пікір беруге ұсына отырып, авторлар өздерінің беделі мен мансабына әсер ететін, өздерінің ғылыми жұмыстары мен шығармашылық күш-жігерінің нәтижелерін пікір берушілерге сеніп тапсырады.
5.8 Этикаға жатпайтын мінез-құлық авторлардың, редакторлардың немесе баспалардың өз мақалаларына пікір беру, келісім-шартпен және жалған лицензия беру, ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау бойынша агенттік қызметтерге жүгіну, авторлар құрамын бұрмалау, жалған ғылыми мәтіндерді жариялау, мақала мәтіндерін авторлармен келіспей басқа журналдарға беру, мақала мәліметтерін үшінші тұлғаларға беру, авторлық құқықтарды және редакциялық үдерістердің құпиялылық қағидатын бұзу, дәйексөз келтіру, плагиатқа байланысты бұрмалау және жалған ақпарат беру сияқты іс-әрекеттер жатады.
6 Пікір беру
6.1 «Туризм, демалыс және қонақжайлылық» журналында жарияланатын мақалалар, мақаланың сапасын, нәтижелердің дұрыстығын және шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында, тиісті тақырып бойынша ғалымдардың немесе мамандардың ғылыми еңбектері міндетті түрде құпия пікір беру рәсімінен өтеді.
6.2 Жариялау туралы шешімді журнал редакциясы ұсынылған мәліметтердің журнал талаптарына сәйкестігін, редакцияға келіп түскен мәліметтердің ғылыми маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, авторға және пікірге сілтеме жасамай кірме ақпараттарды пайдалануды анықтауда, пікір берушілердің сараптамалық бағалары негізінде қабылдайды.
6.3 Пікірде мақала мәліметтерінің білікті талдауы және оның әділ бағасы болуы тиіс. Пікір берушілер мақаланы жариялау мүмкіндігіне қатысты, оң немесе теріс ұсыным береді және/немесе мақаланы түзету бойынша ұсынымдар білдіреді. Пікір берушілердің оң қорытындысы болған жағдайда мақала жариялауға қабылданады.
6.4 Пікір берушілер, пікір берілтеін мақаланың авторлары (бірлескен авторлары) бола алмайды.
6.5 Пікірдің мазмұнына қойылатын талаптар:
Пікір еркін нысанда, баспахана ұсынған нысанда да орындалуы мүмкін.
1. Пікірде мақала мәліметінің білікті талдауы, оның шынайы, дәлелді бағасы және нақты негізделген ұсыныстары болуы тиіс.
2. Пікір беруде келесі сұрақтарға ерекше назар аудару керек:
- Тақырыптың өзектілігін және мақаланың ғылыми деңгейін талдау.
- Мақала мазмұнының оның атауына сәйкестігі.
- Мақаланың стилі мен тіліне қатысты жарияланымға дайындығын, мақала мәліметтерін рәсімдеу бойынша белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау.
- Баяндаманың ғылыми сипаты, автор қолданған әдістердің, ұсыныстардың және зерттеу нәтижелерінің қазіргі ғылыми жетістіктерге сәйкестігі.
- Жалпы мақала көлемінің және оның жеке элементтерінің (мәтін, иллюстрациялық материал, библиографиялық сілтемелер) барабарлығы мен орындылығы. Мақалада иллюстрациялық материалды (суреттер, фотосуреттер, диаграммалар, схемалар) орналастырудың орындылығы және оның баяндалған тақырыпқа сәйкестігі.
- Пікір берушінің ескертулері мен ұсыныстары мақаланың ғылыми деңгейін арттыруға шынайы бағытталып және негізделуі тиіс.
3. Пікірдің қорытынды бөлімінде мақала туралы жалпы негізделген тұжырымдар және оны жариялаудың орындылығы не орынсыздығы туралы нақты ұсыным немесе авторға түзетулер жасауға мүмкіндік беретін ескертулер қамтылуға тиіс.
7 Пікір берушілердің міндеттері
7.1 Қолжазбаны қарауға таңдалған кез келген пікір беруші жеткілікті біліктілігі жоқ немесе жұмысты тез орындау үшін жеткілікті уақыты жоқ болған жағдайда «Туризм, демалыс және қонақжайлылық» журналының шығарушы редакторына хабарлауы және оны тиісті қолжазбаға пікір беру үдерісінен алып тастауды сұрауы тиіс.
7.2 Пікір беру үшін алынған кез келген қолжазба құпия құжат ретінде қаралуы тиіс. Бұл жұмысты редактордың өкілеттігі жоқ кез-келген тұлғалармен талқылауға болмайды.
7.3 Пікір беруші объективті баға беруге міндетті. Авторды жеке сынауға жол берілмейді. Пікір беруші өз көзқарасын анық және дәлелді түрде ұсыныуы керек.
7.4 Пікір берушілер тақырыпқа сәйкес келетін және қолжазбаның библиографиясына енгізілмеген маңызды жарияланған жұмыстарды анықтауы керек. Бұрын жарияланған және тақырыпқа сәйкес келетін кез-келген тұжырымға (байқау, қорытынды немесе дәлел) қолжазбада тиісті библиографиялық сілтеме болуы керек. Сонымен қатар, пікір беруші редактордың назарын қарастырылып отырған қолжазба мен пікір берушінің ғылыми құзыретіндегі кез-келген басқа жарияланған жұмыстардың арасындағы айтарлықтай ұқсастықты немесе сәйкестікті анықтауға аударуы керек.
8 Антиплагиат
8.1 Журналда жариялаудың алдында барлық мақалалар кірме ақпараттарды тексеру үдерісінен өтеді.
8.2 Баспа тұрғысынан келесілер плагиат болып табылады:
- кез келген көлемдегі мәліметтерді әдебиет көзін көрсетпей пайдалану;
- суреттерді, фотосуреттерді, кестелерді, графиктерді, схемаларды және ақпараттың графикалық түрлерінің кез келген басқа нысандарын пйдалануда дереккөздерді көрсетпеу;
- авторлары немесе құқық иеленушілері өз мәліметтерін арнайы келісімінсіз пайдалануға тыйым салатын мәліметтерді жазбаша рұқсатсыз пайдалану.
8.3 Мақалада плагиатты анықтау, жариялаудан бас тартудың тікелей себебі болып табылады.
9 Мақалаларды кері қайтару (ретракция) және жарияланған жұмыстардағы маңызды қателіктерге жауап беру.
9.1 Автор жарияланым этикасы нормаларын бұзса, бұрыс кірме ақпараттардың болуы, қайталанатын жарияланымдар анықталған жағдайда, сондай-ақ басқа да бірқатар жағдайларда журнал редакциясы мақаланы кері қайтара алады. Жарияланымнан мәтінді кері қайтарып алу - жарияланған ақпаратты түзету және оқырмандарға жарияланымда сенуге болмайтын елеулі кемшіліктер немесе қате мәліметтер бар екендігі туралы хабарлау механизмі. Мәліметтердің дәйексіздігі білмей жасаған қателіктердің немесе саналы түрде жасаған қателіктердің нәтижесі болуы мүмкін.
9.2 Мақаланы кері қайтаруға негіздер:
- жарияланымда дұрыс емес кірпе ақапараттарды (плагиат) анықтау;
- мақаланың бірнеше басылымда қайталануы;
- жұмыста бұрмаланған немесе жалған мәліметтерді анықтау (мысалы, тәжірибелік деректерді алдау);
- жұмыста үлкен қателіктерді анықтау (мысалы, нәтижелерді дұрыс түсіндірмеу), бұл оның ғылыми құндылығына күмән келтіреді;
- авторлардың дұрыс емес құрамы (автор болуға лайықты тұлғаның болмауы; авторлықтың өлшеміне сай келмейтін тұлғалар енгізілген жағдайда);
- мүдделер қайшылығы жасырылған жағдайда (және жариялау этикасының өзге де бұзушылықтары);
- мақаланың пікір беру үрдісінен өтпеуі.
9.3 Журналдың редакциясы міндетті түрде авторға (ұжымдық автор болған жағдайда жетекші авторға) мақаланың кері қайтарылғандығы туралы хабарлайды және оның себептерін негіздейді.
9.4 Автор тарапынан жарияланымда елеулі қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда, автор бұл туралы редакторға хабарлауы керек және мақаладағы қателерді түзету мақсатында немесе жарияланымға шығармау үшін редактормен байланысуы тиіс. Егер редактор үшінші тараптан жарияланымда елеулі қателер бар екендігі туралы ақпарат алса, автор жұмысты жариялаудан алып тастауға немесе қателерді мүмкіндігінше қысқа мерзімде түзетуге міндетті.
9.5 Жарияланымда ұсынылған бекітулердің немесе қорытындылардың қате екендігіне сенімді дәлелдемелерді анықтаған редактор өзгерістер енгізу, жарияланымнан алып тастау және басқа да тиісті жағдайлар туралы мәлімдемелерді жедел хабарлау мақсатында шаралар қабылдауы тиіс.
10 Редакциялық үдерістің кезеңдері
10.1 «Туризм, демалыс және қонақжайлылық» ғылыми-теориялық журналында материалдарды жариялау Open Journal System - ғылыми мақалаларды онлайн-ұсыну және рецензиялау жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Тіркеу немесе авторизациялау «Мақаланы жіберу» бөлімінде қол жетімді.
Журнал сайты http: tlh.kz
Тікелей сілтеме: http://46.34.130.122/index.php/tlh/about/submissions
10.2 Мақала редакцияға келіп түскеннен бастап жариялауға дейін редакциялық үдерістің бірнеше кезеңінен өтеді:
- Алдын ала тексеруді журналдың бас редакторы және шығарушы редакторы жүзеге асырады. Бұл кезеңде мақала дұрыс емес кірме ақпараттар және журналдың ресми, техникалық талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша мақала пікір берушіге жіберіледі немесе авторға ескертулер жіберіледі.
- Пікір беру. Мақала журналдың редакциялық кеңестің мүшелерімен және сыртқы пікір берушілермен қарастырылады. Мақала бас редактордың және шығарушы редактордың ескертулері бойынша (олар болған жағдайда) түзетулер енгізілгеннен кейін ғана пікір беруге жіберіледі.
10.3 Пікір берушінің ескертулері мен ұсынымдарына сәйкес мақаланы пысықтау қажет болған жағдайда авторлардың жеке кабинетіне пікір жіберіледі (пікір беруші туралы ақпарат көрсетілмейді).
10.4 Толықтырулар мен өзгерістер енгізілгеннен кейін автор мақаланы қайта тексеруге жібереді, ал редакция пысықталған мақаланы пікір берушіге қайта қарауға жібереді. Пікір беру үдерісі аяқталғаннан кейін редакция оның нәтижесін авторға хабарлайды.
11 Ашу саясаты және мүдделер қайшылығы
11.1 Қарауға ұсынылған қолжазбалардан алынған жарияланбаған деректерді автордың жазбаша келісімінсіз жеке зерттеулерде пайдалануға болмайды. Пікір беру барысында алынған және ықтимал басымдылықтармен байланысты ақпарат немесе идеялар құпия сақталуы тиіс және жеке мақсатта пайдаланылмауы керек.
11.2 Пікір берушілер ұсынылған жұмысқа байланысты кез келген авторлармен, компаниялармен немесе басқа да ұйымдармен бәсекелестік, бірлескен және басқа да өзара байланыстар мен қарым-қатынастар салдарынан мүдделер қақтығысы болған жағдайда қолжазбаларды қарауға қатыспауы тиіс.
11.3 Барлық авторлар өз қолжазбаларында жұмыстың нәтижелеріне немесе қорытындыларына әсер етуі мүмкін деп таныған қаржылық немесе басқа да мүдделер қайшылықтарын ашуға міндетті.