ӘЙЕЛ ШАХМАТШЫЛАР ОЙЫНЫНА ГЕНДЕРЛІК СТЕРЕОТИПТЕРДІҢ ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_1_151Түйін сөздер:
шахмат, әйел шахматы, гендерлік стереотип, салыстырмалы талдау, жоғары білікті шахматшыларАннотация
Мақалада әйел шахматшыларының әлемдік шахмат аренасындағы алатын орны көрсетіледі. Ежелден бастап бүгінгі күнге дейін ер адамдар шахматты әйелдерге қарағанда әлдеқайда жақсы ойнайды деп есептеледі. Бұл мақалада бұған себеп ретінде әйел шахматшыларының ойынына гендерлік стереотиптердің әсері гипотезасы ұсынылады. Зерттеу барысында Қазақстандық және шет елдік бірдей дәрежедегі 15 ер шахматшылар және 15 әйел шахматшылар арасында 2 ойыннан тұратын 2 онлайн матч ойнатылды. Бірінші матчта әйел шахматшыларға қарсыласы туралы ақпарат берілмеген кездегі көрсеткіш пен екінші матчта қарсыласының ер адам екендігін білген кездегі ойын көрсеткіштеріне талдау жасалынды. Оған қоса 18-30 жастағы шахматшыларға гендерлік стереотипке байланысты жеке ойларына сауалнама жүргізілді. Қазақстандық әйел шахматшылараның жетістіктеріне талдау жасалынды.